Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай, Вадим Шарлаимов  бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиада-2023 күміс медалін жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Финалда біздің спортшылар Жапония командасынан озық шықты. Қорытынды есеп – 36:35.

Бұл Азия ойындарындағы Қазақстан командасының семсерлесудегі үшінші медалі. Кеше біздің спортшылар командалық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бір күн бұрын шпажист Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші келді.