Семсерлесуден Азия чемпионаты: Отандық спортшылар екі медаль жеңіп алды

Манамада өткен семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлде иеленді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Кадеттер арасындағы бәсекеде Кирилл Проходов шпагамен семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол гонконгтық қарсыласына 11:15 есебімен жол берді.

Ал соңғы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірім қыздар командасы күміс медаль жеңіп алды. Әмина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская төрттігі шпагамен семсерлесуден финалда ғана сүрінді.

Олар Оңтүстік Корея командасына финалда жол берген. Ал турнир барысында жарыстың бірінші нөмірі саналатын Қытай командасынан басым түскен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?