Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

30 қазанда сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам сот ғимаратының алдында өзін өртеп, оқиға орнында көз жұмды.

Абай облысы әкімдігінен/Устинка

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты Абай облысының полиция департаменті растады.

«30 қазанда сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам өзін өртеген болуы мүмкін. Ол қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 30–35 жас шамасында болған. Ол сот ғимаратына үстіне алдын ала жанғыш сұйықтық құйып келген. Оқиға алдында ешқандай талап қоймаған.

Қазір полиция ер адамның жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.