Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шықты

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

qalamger.kz

Алматы, NEGE. «Бұл мәселемен қазір әкімдік айналысып жатыр. Бүгін таңертең ғана мұғалімнің ауруханадан сауығып шыққаны туралы маған хабар жетті. Бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап отырмын. Қазір бірінші кезектегі тиісті шаралар қабылданды. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасатын болады деп есептеймін. Жазаланатындар жазаланды. Бұл бәріне тиісті үлгі болуы керек. Тексеру толықтай аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады деп есептеймін», - деді министр.

Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, азамат ресми түрде жұмысқа қабылданған болса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады. 

Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады