Семейде ойын-сауық орталығындағы өрттен 11 адам зардап шекті

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Bala Park» ойын-сауық орталығындағы өрттен 11 адам зардап шеккен.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Зардап шеккендердің ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала бар.

Бір бала Семей медициналық университеті Ұлттық академиялық орталығының балалар бөлімінде ем қабылдауда, тағы үш бала дәрігерлер қарауынан кейін амбулаториялық емге жіберілген.

Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінген. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Екеуі тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал біреуі медициналық тексерістен бас тартқан.

Естеріңізге сала кетейік, 3 наурызда Семей қаласының Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында өрт шықты.

Аталмыш оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының басшысы Руслан Байтұрсынов мәлімдеді

Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның себептері мен кінәлі тұлғалар анықталуда.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды