Семейде оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

Сонымен қатар оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілетін болды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Семей қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық оқушыны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданған. Бұл мекемеде олар психологтардың бақылауымен және уақытша оқшаулау жағдайында түзету жұмыстарынан өтеді. 

Үш ата-анаға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды, сондай-ақ бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан айыруды ұсынылды.

Барлық материалдар сотқа жіберілді, сотта соңғы шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр