Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жеткіншектердің ата-аналары жауапқа тартылды

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп оқушысын соққыға жыққан жеткіншектердің ата-аналарына қатысты үкім шығарды. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Сот шешімімен олар ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамауының әкімшілік жазаға әкеліп соғуы бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ата-аналардың бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Төртеуіне 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Ата-аналар балаларының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын дұрыс қадағаламаған. Сот шешім шығарарда барлық мән-жайды ескерді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын аяусыз соққыға жығып, оны видеоға түсірген болатын.