Семейде контейнерден нәрестенің денесі табылды

Полицейлер нәрестенің денесін қоқыс контейнеріне тастап кеткен қала тұрғыны мен баланың анасын анықтады.

freepik.com

Астана, NEGE. Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 3 ақпанда Әуезов аудандық полиция бөліміне қоқыс контейнерінен орамалға оралған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетті. Алғашқы тергеу барысында 20 жастағы әйелдің үйінде босанғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Анасының айтуынша, бала өлі туған.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нәрестенің денесін контейнерге тастап кеткен қала тұрғынын да анықтаған.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сәбидің денесі сараптамаға жіберілді, сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, екі азаматтың  іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды