Семейде Ертіс жағасында балық аулап отырған баланы жасөспірімдер ұрып кеткен

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, жәбірленушінің анасына психологиялық көмек ұсыну жөнінде ұсыныс жасалып, жағдай бақылауға алынған.

Полиция

Алматы, NEGE. «Объектив Восток» басылымының хабарлауынша, оқиға 4 шілде күні Ертіс өзенінің 11-ші бау-бақша учаскелеріне жақын маңында болған. Жарақат алған баланың әпкесінің айтуынша, 12 жастағы інісі жағалауда балық аулап отырған кезде оған 14–15 жас шамасындағы бірнеше жасөспірім жақындап келген.

«Алдымен олар тас лақтыра бастаған, кейіннен суға итерген. Інім қашып құтылмақ болғанымен, олар қуып жетіп, қарсыласуға тырысқан ініме шабуыл жасаған. Ол қармақпен қорғануға тырысқанда, олар қармақты сындырып, жұдырықпен, аяқпен ұрып, бетінен шапалақтап соға бастаған. Бүкіл денесіне соққы тиген», — дейді әпкесі.

Дәрігерлер жәбірленуші баланың қолы сынғанын, жамбас тұсында ауыр соққылар мен жұмсақ тіндердің зақымданғанын, сондай-ақ бет және дене бөліктерінде көптеген жарақаттар барын анықтаған. Сонымен қатар бала психологиялық күйзеліске де ұшыраған.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады