Семейде «Ақшын» сауда үйіндегі өрт әлі ауыздықталмады

6 ақпанда «Ақшын» сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Полиция. 

Полиция

Алматы, NEGE. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетіп жатыр. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды. Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді.

Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес.

Қазір оқып жатыр

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды