19 апреля 2025 г. 12:16

"Семей көшелерін маньяк кезіп жүр": Полиция хабарламаға қатысты пікір білдірді

Фото: Kartinkin.net

Семейде тұрғындар арасында маньяк туралы хабарлама тарап жатыр. Дегенмен Абай облыстық полиция департаменті жасөспірімдерді өлтірді деген қылмыскер туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Алматы, NEGE. Хабарлама 17 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған. Фейк ақпараттың авторлары белгісіз ер адамның суретін де пайдаланған.

"Қазір қалада мұндай оқиға тіркелген жоқ. Тергеу барысында ақпарат расталмады", – делінген хабарламада.

Полиция жергілікті тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа құлақ асуды сұрады. Олар Қылмыстық кодекстің 274-бабында көрiнеу жалған ақпарат таратқандарға айыппұлдан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын ескертті.