Семейлік тұрғын мобильді қосымша салдарынан қыруар қаржысынан айырылды
Банктің жалған қызметкерлері Семей тұрғынын алдап, 6 миллион теңгеге жуық ақшасын алып қой
ған.
Алматы, NEGE. Алаяқтар 36 жастағы семейлікке қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған. Сөзіне сену үшін оның аты-жөнін, туған күнін және басқа да жеке деректерін атаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Содан кейін банк картасын қорғау үшін AnyDesk мобильді қосымшасын телефонына орнатып алуға көндірген. Жәбірленуші тапсырманы орындағаннан кейін, алаяқтарға ұялы телефонына келген бір реттік кодты айтқан. Сол сәттен бастап қаскөйлер оның телефонын қашықтан басқарып, 5,8 млн теңгесін қолды қылған.