15 сентября 2023 г. 17:18
Семейлік әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды
Семейде жүкті әйел перинаталдық орталықтың тоқтап қалған лифтісінде босанып қалды, деп хабарлады Abainews.kz.
Алматы, NEGE. Оқиға таңғы уақытта болған. Бір топ жүкті әйел көтеріліп келе жатқанда техникалық ақауларға байланысты лифт бір сағатқа тоқтап қалған.
Сол сәтте лифт ішінде болған бес жүкті әйелдің бірінің кенеттен толғағы басталып кеткен.
Лифтіде қалып қойған әйелдің анасы осы медициналық мекемеде акушер болып жұмыс істейді екен, бірақ сол кезде еңбек демалысында болған және онымен бірге серіктес боп босандыру үшін келген.
“Анам бір сағат бойы Семей қаласының перинаталдық орталығының лифтінде қалып қойса да, босандырып алды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт ішінде лифтіде болдық", – деді қызы.
Лифтіде Матвей есімді бала дүниеге келді.