Семейде зират өртенді
Семей қаласында зиратта өрт шыққан, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11:45 шамасында өрт сөндірушілерге Семей-Көкентай тасжолының 3 шақырымында өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 3 автоцистерна мен жеке құрамнан 9 адам аттанды.
«Олар оқиға орнына келіп жеткенше зираттағы өрт 300 шаршы метр аумақтағы шөпке жайылған. Сондай-ақ тілсіз жаудың салдарынан 45 мола бүлінді. Өрт сағат 12:42-де толықтай сөндірілді», - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, өрттің шығу себебі отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.