21 июня 2023 г. 18:33

Семейде жолаушылар автобусы жанып кетті

Фото:

Семейде қоғамдық көлік өртенді, деп хабарлайды Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 08:50-де 101 пультіне Шугаев көшесінде автобус жанып жатқаны туралы хабар түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына келген соң 2013 жылғы ПАЗ маркалы көлікте жанғыш қозғалтқыш бөліктерінің, аспаптар панелі, ішкі қаптаманың, орындықтар мен корпустың жанып жатқанын анықтады.

Жалын шарпыған аумақ - 20 шаршы метр.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі - қауіпті қондырғыны абайсыз пайдалану.

Тегтер: