20 июня 2023 г. 16:41
Семейде ресейлік Би-2 рок тобының концерті өтетін болды
Семейде бұған дейін өтпейтін болып шешілген ресейлік Би-2 рок тобының концерті өтетін болды.
Алматы, NEGE. «Ресми түрде, иә!», – деп жазды концерт ұйымдастырушылары Instagram парақшаларында.
Концерттің өтетінін жергілікті БАҚ пен тұрғындар да растап отыр.
Бұған дейін Семей қаласының әкімдігі Би-2 тобының концерті тоқтатылатынын хабарлағанымен, кейін Instagram парақшаларынан хабарламаны өшіріп тастаған.