Семейде орман өртеніп жатыр

Семейде 160 гектар аумақта орман өртеніп жатыр.

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 маусымда сағат 14.27-де «Семей орманы» резерватының Жаңа-Семей филиалы Подгороднее орманшылығында өрт шыққан.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 160 гектарды құрады. Қарағайлар өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 140 адам мен 34 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына қосымша ТЖМ №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері аттанды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына найзағай себеп болған.