30 сентября 2022 г. 14:15

Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашылды

Фото:

Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Ақорда. 

Алматы, NEGE. "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы - Нұрбол Қалиев.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Тегтер: