Семейде халықаралық ән байқауы басталды

Бүгін Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының және Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» атты дәстүрлі ән байқауы басталды, деп жазад

ы egemen.kz.

Алматы, NEGE. Байқауға Астана, Алматы, Павлодар, Жетісу, БҚО, ШҚО және Абай облысының аудандарынан дәстүрлі ән өнерінде бақ сынап жүрген таланттар қатысып жатыр. Қазылар алқасының төрағасы — Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев.

Абай жұртының атын асқақтатып, Әміренің есімін әуелеткен ән байқауына іріктелген 38 әнші келгені белгілі болды. Ауқымды ұлттық өнер бәсекесінің қорытындысы ертең, 18 желтоқсан күні Абай театрында жарияланатын болады.

Қазір оқып жатыр

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды