Семейде Би-2 тобының концерті болмайды

Семей әкімдігі ресейлік Би-2 тобының бұған дейін жоспарланған концертінің болмайтынын хабарлады.

Алматы, NEGE. Семей қаласының әкімдігі танымал ресейлік Би-2 тобының 21 маусымға жоспарланған концерті болмайтыны туралы хабарлама таратты.

"Құрметті отандастар! Табиғи өрт кезінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты, сондай-ақ облыс жұртшылығының өтініштері бойынша 21 маусымда "Арена" МКҚК жоспарланған "Би-2" ресейлік музыкалық тобының концерті болмайды", - делінген хабарламада.

Топтың солистері Қазақстанға гастрольдік сапарға шығар алдында концерттен түскен барлық қаражатты зардап шеккен аймаққа көмектесу үшін Семейге аударатындарын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?