Семейде базарлардың өрт қауіпсіздігі күшейтіледі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов базар басшыларымен кездесуі барысында ТЖБ басшысына тапсырма берді.
Алматы, NEGE. Семей қаласында 12 ашық сауда орындары бар. Көпшілігінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған.
"Өздеріңіз көріп отырсыздар, Алматы да қаншама саудагерлер жеп отырған нанынан айырылды. Өрт - тілсіз жау. Базар басшылығы бұны бақылауда ұстауы қажет. Әкімдік тарыпынан өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында барлық шаралар жасалатын болады",- деді Н. Нұрсағатов.
Сонымен қатар, қала әкімі Семейдегі ірі базар басшыларымен, кәсіпкерлермен олардың қызметіне қатысты мәселелерді талқылап, базарлардың іргелес аумағын абаттандыру және көше саудасын жаңғырту қажеттігін мәлімдеді.
Өз кезегінде сауда орындарының басшылары өздерінің мәселелерін де айтты. Сондай-ақ, жиын қорытындысы бойынша қала әкімі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.