Семейде «автоманьяк» ұсталды

Семей қаласының тұрғыны бір түнде үш көлікті ұрлап кеткен. Ол ұрланған көліктерді сатпаған, бөлшектемеген, бірақ өртеп жіберген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Алматы, NEGE.  "Көлігім ұрланды" деп бірнеше тұрғын құқық қорғау органдарына арыз түсіргенде, полиция ұрлықшыны іздеу жариялады. Белгілі болғандай қалада "автоманьяктың" атой салып жүргені белгілі болды. Барлық ұрланған көліктер, дәлірек айтсақ, жанып кеткен қаңқалары қала сыртынан табылды.

Жас жігіт неліктен үш көлікті бірдей өртеп жібергенін тергеушілер анықтап жатыр. 

"Ізін суытпай 24 жастағы жас жігіт анықталып, ұсталды. Ер адам түнде көлік құралдарын әдейі өртеп жіберді. Осы сағатта Семей қаласының полиция қызметкерлері оның осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығын анықтап, тексереді", - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін