Семейде Әлихан Бөкейхан бейнелеген мурал пайда болды

Семей қаласында Әлихан Бөкейхан бейнеленген мурал пайда болды.

Алматы, NEGE. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бастамасымен Семей қаласында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнелеген мурал пайда болды. Бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы аясында жүзеге асып отыр. «Алаш қайраткерінің бейнесі қаладағы көпқабатты үйлердің біріне көркем мурал түрінде салынды. Үш ай дайындықтан соң жұмыс екі жұмаға созылған.

Сонымен қатар университет өз есебінен сол көпқабатты үйдің айналасына жөндеу, абаттандыру, ауласы мен кіреберісті жарықтандыру жұмыстарын жүргізді», – дейді білім ордасының ректоры Шырын Құрманбаева. Айта кетейік, мурал Шәкәрім даңғылы, 15 мекен-жайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған. Оның авторы – кәсіби суретші Александр Романов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?