Семей полигонынан зардап шеккен халық көмекке зәру

Семей полигоны туралы заңға өзгеріс енгізу қажет. Өйткені қолданыстағы ережеге сәйкес атом сынақтарынан зардап шеккен халыққа лайықты жағдай жасалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.


Елорда, NEGE. Тұрғындарға берілетін экологиялық төлемнің мөлшері мардымсыз. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде жеңілдіктер қарастырылмаған.

Ал Қызылорда облысында Аралдың экологиялық зардабын тартқан халыққа ай сайын жалақыға 30-50 пайыз көлемінде үстемақы беріледі. Экологиялық жеңілдіктер бар. Ресейде сынақ алаңында тұрғандар зейнетке 10 жыл ерте шығады. Осы сынды мүмкіндіктер Семей өңірінің халқына да тиесілі болуы тиіс. Сондықтан, өңірдегі қоғам белсенділері «Полигон 21» деген қоғамдық ұйым құрды. Өңір тұрғындары қол қойған құжат Мәжіліске жолданады.

"Мысалы үшін Ресейде, Қызылордада полигонна зардап шеккен, Аралдан зардап шеккендерге көп жеңілідктер бар. Әлеуметтік жағынан болса да, экономикалық жағынан болса да. Сондықтан, біздің Семейге де осындай заң қажет деп есептейміз", – Қайрат Мирашев, «Полигон 21» қоғамдық ұйымының төрағасы.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды