Орманды қалпына келтіруге арналған жоба

«Эфес Қазақстан» компаниясы «Eco Fund Tabigat» жеке қорымен бірлесе отырып, Қазақстанның табиғи ресурстарын қолдауға бағытталған #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының нәтижесін жариялау үшін Алматы мен Семей қалалары арасында телекөпір ұйымдастырды.

Алматы, NEGE. Іс-шараға «Семей орманы» МОТР орынбасары Нсамбекова Әсемгүл, Абай аудандық табиғи ресурстарды басқару және Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Дамир Рахымжанов, Абай облысы Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы және Алматы облысы Қарасай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Жандос Базарбаев қатысты.

Әрине, орман өртінен кейін ондаған, сандаған жылдар бойы өсіп тұрған ағаштарды қалпына келтіру оңай емес. Оған жүздеген жылдар кетуі мүмкін.  «Эфес Қазақстан» ШК АҚ бас директоры Эртан Курт: «#BMgoGREEN науқаны қазіргі экологиялық проблемаға назар аудару және қоғамды неғұрлым саналы тұтыну мен тұрақты даму жолында біріктіру үшін құрылған. Өкінішке қарай, дала өрттері салдарынан экологиялық тұрақтылық мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола бастады. Тілсіз жаудың қоршаған ортаға залалы орасан. Бүгін #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының қорытындысын шығарып, «Семей Орманы» мемлекеттік жер бағдарламасының инвестициясын ағаш отырғызуға көмектесуге қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз табысты және ұзақ мерзімді болады деп үміттенеміз», – деді.

Тамыз айында Алматы қаласындағы «Қарағайлы орман» экопаркінің аумағында жобаның іске қосылуына орай «Eco Fund Tabigat» басшысы Тимур Елеусізов пен «Эфес Қазақстан» ШК АҚ компаниясының жетекшілері – бас директор Эртан Курт, маркетинг департаментінің директор Зейнеп Эркан Алп, корпоративтік қатынастар  департаментінің директоры Чингиз Қаскеев және басқа да компания басшылары БАҚ өкілдерімен бірге орманды қалпына келтірудің символы ретінде күл ағашының көшеттерін отырғызған еді.

Бұл тұрғыда «Eco Fund Tabigat» жеке қорының басшысы Тимур Елеусізов: «Біздің «Eco Fund Tabigat» қорының тұжырымдамасының идеясы қоғамды, қоршаған ортаны жақсарту, экологиялық мәдениетті ілгерілету және елдегі экологиялық бастамаларды белсенді түрде қолдау бойынша жасыл бастамаларға тарту. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экологиялық саябақтар құру жоспарымызда бар. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына көмек пен қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Біз EFES Қазақстанға алғашқы инвестиция үшін алғысымызды білдіреміз», – деді. 

#BMgoGREEN әлеуметтік жобасы «Белый Медведь» брендінің және "Eco Fund Tabigat" жеке қорының қолдауымен осы жазда басталды. Шілдеден қыркүйекке дейін «Эфес Қазақстан» ШК АҚ компаниясы Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру және кеңейту үшін сатылған «Алтын серия» ақ аюының әр бөтелкесінен 10 теңгеден инвестиция ретінде бөлді. Әрбір сатылған бөтелкеден 10 теңгеден инвестициялау арқылы біз 8 000 000 теңге жинадық, оны зардап шеккен аймақтағы ормандарды қалпына келтіруге жолданады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады