«Семей орманы» басшылары жемқорлық үшін 10 жылға сотталды
Мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысуға және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Алматы, NEGE. Олар заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берген.
Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал пара берген бес адам 1,5 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.