Семей машина жасау зауыты қызметкерлеріне 9 ай бойы жалақы төлемеген

Абай облысы прокуратурасы 90 млн теңгеден астам жалақы берешегін өтеуге бастамашы болды.

Алматы, NEGE. Абай облыс прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқығының сақталуына мониторинг пен бақылау жүргізді. Нәтижесінде облыс прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.

Ішінде «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төлемегені анықталды.

Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шара қабылдады. Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады