Семей әкімі коронавирустан емделіп шықты

Семей әкімі Ермак Сәлімов коронавирустан айығып шықты.

Aлматы, NEGE. Бұл туралы шенеунік Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"COVID-19 анықтау үшін соңғы тапсырған тесттен кейін мен қатаң түрдегі оқшаулау режимінде болып, дәрігерлердің барлық талаптарын орындадым. Аталған шаралар менің денсаулығыма оң әсерін тигізді, оны коронавирусқа арналған екінші тест көрсетіп теріс нәтиже берді. Бүгіннен бастап мен әдеттегідей жұмысымды жалғастырамын. Барлық жерлесіме қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын", - деп жазды әкім.

Сондай-ақ, әкім тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Еске салайық, әкімнің коронавирус жұқтырғаны туралы 1 шілдеде хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды