Селфи жасаймын деп плотинадан құлап кетті

Алматыда ер адам Үлкен Алматы көлінде селфи жасамақ болғанда құздан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «14 маусымда кешке Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне мертіккен жігіт туралы ақпарат түсті. Куәгерлер хабарлағандай, Үлкен Алматы көліндегі биіктігі 50 метр плотинадан селфи жасамақ болған жігіт төменге құлап кеткен және төменнен шығып жатқан айғайға қарағанда ол – тірі», – деді Республикадық жедел құтқару жасағынан. Альпинистік құрал-жабдықпен түскен құтқарушылар каскадты баспалдақтардың бірінен жігітті алып шықты. «Оның тек 2 саусағы сынып, сан еті жырылған. Құтқарушы медиктер жігітті альпинистік троспен алып шығып, жедел жәрдемге табыстады», – деді Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі. 35 жастағы ер адам әдемі фонда селфи жасамақ болып, техникалық баспалдаққа шыққан. Тепе-теңдік сақтай алмаған соң төменге құлдилап кеткен.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды