Сексеуілді заңсыз кескендер ұсталды

Қызылордалық полицейлер сексеуілді заңсыз кескен тұрғындарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 27 қыркүйекте Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда облысы Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері рейд жүргізу барысында қала шетінде «Газель» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан екі куб көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды