Сейсенбіге арналған ауа райы

Қазгидромет 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР-ның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-батысында жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады