Сегізінші сынып оқушысын жүкті қылды деген әскери қызметші жұмысынан босатылды
Қорғаныс министрлігі бұрынғы әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің қозғалуы бойынша ресми мәлімдеме жасады.
Алматы, NEGE. "Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Айта кету керек, күдікті бұған дейін теріс қылықтары үшін ҚР Қарулы күштерінің қатарынан шығарылды", - делінген хабарламада.
Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті болып әскери қызметкер ұсталған.