Сегіз адамды пышақтап, біреуін өлтірген

Бирмингем қаласында

белгісіз біреу көшедегі жұртқа пышақ ала ұмтылып, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Тағы 7 кісі жарақат алды. Әзірге жараланғандардың қал-жағдайы туралы ақпар жоқ. Белгілісі, Бирмингем орталығы түгел жабылған. Тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарды сабырға шақырып, шабуыл болған жерден аулақ жүруге шақыруда.