Сегіз адам 1,3 миллион теңге сыйақы алды
Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған сегіз адамға 1,3 миллион теңге сыйақы берілді.
Алматы, NEGE. «Жалпы жыл басынан бері байланыс орталығына 41 хабарлама келіп түсті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған сегіз адамға 1,3 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.