SCAT Ресейге ұшатын рейстер санын көбейтеді

Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушыларды үздіксіз тасмалдау мақсатында агенттік қазақстандық SCAT әуекомпаниясымен бірлесіп, елдер арасындағы тұрақты рейстер санын арттыру мәселесін пысықтады.

"Соның ішінде Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін және Алматы-Мәскеуге аптасына 7 рейске дейін", - делінген хабарламада.