29 июня 2025 г. 8:38
ШҚО-да демалыс орнынан адасып кеткен бала табылды
Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Сібе көлдері маңындағы демалыс базасында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапты.
Алматы, NEGE. Анасының айтуынша, баласы серуендеу кезінде көзден таса болған. Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз беттерінше іздеген, алайда нәтиже болмаған соң, жағалауды патрульдеп жүрген полицейлерден көмек сұраған.
Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген барлық қызметкер дереу жұмылдырылды. Көп ұзамай баланы аға лейтенант Ерсін Сұлтанов тапты.
Бақытымызға орай, баланың жағдайы жақсы, полиция қызметкері оны ата-анасына тапсырды.