Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді
Құрылтай депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері сарапшылар осы саяси додаға қатысып жатқан партиялардың бағдарламасын жан-жақты сараптап жатыр. Сарапшылар арасында талқылауға түскен басты құжаттың бірі – «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасы болды.
Танымал саясаттанушылар, экономистер мен салалық сарапшылар партияның бұл құжатын мұқият оқып, жаңа саяси күштің өз сайлаушыыларына ұсынып жатқан бағдарламасының жүгін сараптап көрді. Олардың пікіріне сүйенсек, «Әділет» партиясы сайлауалды науқанның басты ойыншысына айналып үлгерген.
Мәселен, саясаттанушы Ғазиз Әбішев партияның ресурсы мен кадрларына акцент жасай отырып, «Әділетті» осы саяси маусымның басты фавориті деп атады. Яғни, сарапшының айтуынша, партияның тізімінде мемлекеттік басқару, құқықтану және экономканың нақты салалары – металлургия, энергетика және агро-өнеркәсіп кешенінің мамандары бар.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев болса бағдаламаның мазмұнына, амбициясы мен оның әр пункті Мемлекет басшысының страгиясына сай келетініне назар аударды.
«Кез келген партияның жеңісі үшін ең алдымен ресурстық базасы, мықты кандидаттар мен күшті бағдарлама керек. Партия өз бағдарламасы арқылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатындағы негізгі бағыттарды дамыта отырып, халықтың әлеуметтік сұраныстарына жауап береді», – дейді Әшімбаев.
Жалпы, сарапшылардың бәрі партияның сайлауалды бағдарламасы популизимнен гөрі институционалды прагматизм мен тәртіпті күшейтуге күш салып отыр деп бағалады.
Мәселен, саясаттанушы Әділ Қаукенов бағдарламаның фокусы тұрақты даму тетіктеріне негізделген дейді.
«Ең алдымен көзге түсетін дүние – құндылықтар мен институттарға басымдық берілген. Бағдарлама авторлары Қазақстанның негізгі проблемасы ресурстардың жоқтығында емес, мемлекеттік институттар мен саяси мәдениеттің сапасында екенін үнемі еске алған. «Әділеттің» кандидаттары ескінің сарқытынан арылып, қатты ұрандарға бой алдырмаған. Оның орнына нақты мақсатты индикаторлар жазылған. Бұл дегеніміз – партия өкілдері сайлаушылармен бетпе-бет сөйлесуге және жауапкершілік ала білу дайын екендерін көрсету деген сөз», – деді Әділ Қаукенов.
Дәл осы жауапкершілік тақырыбын жалғастырған саясаттанушы Ислам Құраев партия әр міндетке KPI қойғанын ерекше атап өтті.
«Жеті флагманды мақсат пен бағдарламаның 10 бағытының нақты критерийі бар: 1 млн жұмыс орны, 30 шаршы метр тұрғын үй және өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу – осылардың бәріне қарасақ айтылған мәселенің нақты көрсеткіштері жазылып тұр. Осылайша, «Әділет» партиясы саналы түрде өзінің саяси жауапкершілігін күшейтіп отыр. Яғни, бағдарламаның негізінде жекелеген басшылардың жүйесіне деген тәуелділік емес, нақты институттарды дамыту мәселесі жатыр», – дейді Құраев.
Өз кезегінде саясаттанушы Қазбек Майгельдинов партия бағдарламасының, жалпы, партияның саяси жүйесінің ашықтығына ерекше назар аударды.
«Партияның баса назар салып отырған мәселесі – басқарудың сапасы нақты бір креслода кімнің отырғанына тәуелді болып қалмау керек. Бұл дегеніміз тұрақты, бір тұлғаға тәуелсіз мемлекеттің дамуына қажетті басты идея. Сондай-ақ партия бағдарламаның әр пункті бойынша цифрлы панель арқылы ел алдында есеп алмақшы. Сол арқылы партия ашықтықтың жаңа стандартын байқатып отыр», – дейді Майгельдинов.
«Qazaq Expert Club» орталығының экономисті Саида Тілеуленова «Әділет» бағдарламасының заманауи жаһандық трендтер контекстіне сай келетінін ерекше атап өтті.
«Бағдарламаның экономикалық блогы саннан гөрі сапаға көп көңіл бөліп отыр. Назар аударарлық басты бағыт – жеке меншікті қорғау, адал бәсекелестікті дамыту, монополиямен күрес және кәсіпкерлікті қолдау. Экономиканың шикізат секторына тәуелділігін төмендетуге бағытталған курс айрықша маңызға ие», – дейді Тілеуленова.
Өнеркәсіп секторындағы реформалардың қолданбалы сипатын егжей-тегжейлі талдаған салалық аналитик Нұрлан Жұмағұлов партия тезистерін атқарушы билікке арналған дайын жоспар деп бағалап отыр.
«Бағдарламаның басты мәні – шикізатты экспорттаудан оны терең өңдеуге өту қажеттілігі. Жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының қуатын 2030 жылға қарай жылына 18 миллионнан 30 миллион тоннаға дейін арттыру көзделген. Бағдарламаның энергетика бөлімі жалпылама ұрандар жиынтығынан гөрі Үкіметке арналған нақты тапсырмалар тізіміне көбірек ұқсайды. Онда нақты қуаттылықтар, мерзімдер мен салалық пропорциялар белгіленген», – дейді Жұмағұлов.
Сарапшылардың бағасын түйіндей келе, әлеуметтанушы Жақсыбек Жиеналиев пен саясаттанушы Эдуард Полетаев «Әділет» партиясының бағдарламасы кәсіпкерлікті, индустрияландыруды және адами капиталды қалыптастырудың іргетасын қалау жөніндегі стратегиялық курсты іске асыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.