Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды.

Алматы, NEGE. Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.

"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді Гүлбаршын Байжігітова.

Оның айтуынша, әнші Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апатына түскен. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.

"Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рахмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын", - дейді әншінің әйелі.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған