Саят Шамшиев 'Қазақстан барысы – 2024' турнирінің қола иегері атанды

Астанадағы 'Барыс Арена' спорт кешенінде қазақ күресінен ХІІІ республикалық 'Қазақстан барысы' турнирінде Саят Шамшиев (Абай облысы) пен Әділ Оразбаев (Әскер барысы) 3-орын үшін белдесті

qazsport.kz

Астана, NEGE.  Нәтижесінде, Саят Шамшиев қарсыласынан басым түсіп, 3-ші орынға ие болды.  
 Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 млн 100 мың теңге, оның ішінде 3 млн 720 мың теңге спортшылардың жаттықтырушыларына бөлінеді. Ал: 1-орын үшін – 15 млн теңге, 2-орын үшін – 3  млн 300 мың теңге, 3-орын үшін – 1 млн 80 мың теңге беріледі. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.