Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саят Исановты Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.

dknews.kz

Астана, NEGE. Саят Исанов бұған дейін осы құрылым қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған.

Арнайы операциялар күштерін 2024 жылдың қаңтарынан бері Айдос Мырзахметов басқарды. Ол биыл 27 қыркүйекте қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер Маңғыстау облысында 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін болды.

Арнайы операциялар күштері қандай міндет атқарады?

Қазақстанда Арнайы операциялар күштері 2022 жылғы 19 қаңтарда Президент жарлығымен құрылды.

Бұл әскери құрылым ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және арнайы әскери тапсырмаларды орындауға жауапты. Оның құрамындағы бөлімшелер қажет болған жағдайда терроризмге қарсы операцияларға қатысып, заңсыз қарулы топтарға қарсы әрекет етеді.