Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі өмірден өтті

Саясаттанушы, мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Саримов дүниеден өтті.

Алматы, NEGE. Әміролла Саримов 71 жасында бақилық болды. 

«Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз», – деп жазды Facebook парақшасында Айдос Сарым.

Саясаттанушы көңіл айтып жатқан барша жұртқа отбасының атынан алғыс айтты.

Әміролла Саримовті соңғы сапарға сәрсенбі күні Алматыда шығарады.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін