Саясаткер Төлен Тоқтасынов өмірден озды

Мәжілістің бұрынғы депутаты, кейін оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды. 

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Төлен Тоқтасынов үш күннен кейін 62 жасқа толар еді. Оның кейінгі айларда ауыр сырқаттанғаны айтылады.

Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов (1962-2024) – қазақстандық саясаткер, Қазақстан Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты әрі Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы (2018 жылы Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған) партиясы құрылтайшыларының бірі.

Тоқтасынов кейін Қазақстанның компартиясының (2015 жылы Алматы сотының шешімімен жабылған) екінші хатшысы болды. 2005 жылдың аяғында кезектен тыс президент сайлауы кезінде Жармахан Тұяқбайдың сайлауалды штабының жетекшісі болды. Ұзақ уақыт Моңғолияда тұрды.

Саясаткерді туған-туыстары туған жері Семейде жерлемек.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы