Саяхат кезіндегі қауіпсіздікке арналған семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Тау шатқалындағы қауіпсіздік және суда шомылу ержелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шымкент, NEGE. Семинарға қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Альпенизм және спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері мен гид-экскурсоводтар арнайы қатысты.

Аталған шара - белсенді туризм барысында оқыс оқиағалардың алдын- алу, қауіпсіздік жұмыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Тренинг барысында төтенше жағдай кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мәселелері сөз болды. Сондай-ақ саяхаттаудың барлық ережелерді атап айтқанда, тау шатқалындағы соқпақтарға төтеп беру, саяхатқа шықпас бұрынғы маңызды қадамдар, суға шомылудағы қауіпсіздік ережелері, саяхат барысындағы толық қажеттіліктер мен жарақтар туралы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, туындаған сауалдарына жауап алды.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды