Say Mo емшегін тегін жасатып алды
Қазақстандық әнші қыз Say Mo өзіне жаңа емшек қондырып алғанға ұқсайды. Бірақ оған дейін де оның кеуде жағы «жаман емес» болатын.
«Бұл жаңа буынды B-Lite импланттары» деп жазады, әнші өзінің инстаграм парақшасында. Say Mo ол импланттарға жеңілдігі үшін қызыққан.
Олар дәстүрлі импланттардан 30 пайызға жеңіл көрінеді. Негізі жеңіл емшектер сахнада билегенге, акробатикалық әдістер қолданғанда өте ыңғайлы.
Say Mo өзіне тамшы формасындағы анатомиялық емшек имплантын орнатқан. Көлемі 345 милилитр болатын емшектің салмағы бар-жоғы 256 грамм тартады.
Бұл жалпы Орталық Азиядағы салмағы жеңіл емшектердің бірі дейді, пластикалық хирургия саласының мамандары. Басқа әнші қыздармен салыстырғанда, Say Moның өз салмағы да ауыр емес. Жаңа емшек оған бидің жаңа акробатикалық формаларын меңгеруге жақсы мүмкіндік бермек.