Савченко: 2023 жылы Украина әлем картасынан жойылады
Жоғарғы раданың бұрынғы депутаты Надежда Савченко «КРТ» телеарнасының эфирінен: «2023 жылы Украина жер бетінен жойылады» деп мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Савченконың сөзіне қарағанда, егер Жоғарғы рада ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға қатысты мораторийді алып тастайтын болса, Украина әлем картасынан жойылады. «Онда біздің бостандығымыздың, өміріміздің құны көк тиын» дейді Савченко.
Саясаткер халқын күреске шақырып, «бәрі кеш болмай тұрғанда» қарсылық жасауға үндеді. «Егер бұл заң қабылданып кететін болса, 2023 жылы әлем картасында Украина деген мемлекет болмайды. Көр де тұрыңыз, бұлар мұны істейді» деді Савченко.