Сәуірден бастап Астана мен Талдықорған арасында жолаушылар пойызы қатынайды

Көлік министрлігі «Астана – Талдықорған» бағыты бойынша жаңа теміржол қатынасы іске қосылатынын хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Мұндай шешімге тұрғындардың көптеген өтініші себеп болған.

Министрлік өкілдерінің нақтылауынша, бастапқы кезеңде екі жолаушылар вагоны бөлініп, олар №122/121 «Астана (Нұрлы жол) – Семей» пойызының құрамында күн ара қатынайды.

Ақтоғай станциясында бұл вагондар №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына тіркеледі.

«Бұл шара бүкіл маршрут бойымен үздіксіз әрі ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Пойыздың қатынауы сәуір айында Талдықорған қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуына орайластырылған.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?