Сауль Альварес қазақстандық боксшылардың күшіне тәнті болды

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшылардың күшіне тәнті екенін айтты.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, ол Қазақстанға сапар шегуді ойлайтынын жеткізді. Бұл туралы Sports.kz сайты    хабарлады. «Қазақстанда өте мықты боксшылар бар. Бірнеше апта бұрын жаттығу лагерімізге Қазақстаннан боксшылар келді. Өте мықты боксшылар. Осындай жігіттері бар Қазақстанды құттықтағым келеді. Алдағы таяу уақытта сіздердің елдеріңізге міндетті түрде барғым келеді», – деді мексикалық чемпион.

Айта кетейік, Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының боксшылары Сан-Диего қаласындағы (Калифорния штаты) «Канело» залында бірнеше апта жаттықты. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы абсолютті чемпион Альвареспен бір айдан астам уақыт спаррингтер өткізді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды