23 сентября 2025 г. 12:31
Сауда министрі етті қаншаға сатып алып жүр?
Сауда министрі Арман Шаққалиев журналистерге берген сұхбатында бір апта бұрын Астанадағы «Сауран» базарынан сиыр етінің 1 келі таза қабырғасыз бөлігін 4200 теңгеге сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Neqe.Aqsha телеграм каналы.
Алматы, NEGE. «Баға сіздің қаржылық мүмкіндігіңізге және тұтынушылық талғамыңызға байланысты өзгереді. Мәселен, көтерме базарда сүйексіз ет 5000 теңге болмайды. Өз мысалымды айтсам, бір келі таза етті 4200 теңгеден сатыр алдым. Оның үстіне, «Сауранды» ең арзан базар деп айтуға болмайды. Қосымша сорпаға арналған сүйекті бөлігін де қоса аласыз. Сүйексіз таза етті жей бермейсіз ғой», – деді министр.