Сауд Арабиясында аттракцион қақ ортасынан бөлініп, 23 адам жарақат алды

Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық саябағында «360 градус» аттракционы сынып кетіп, кем дегенде 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды Oxu.Az Khaleej Times.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, демалушылар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естіледі.

Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін