3 апреля 2020 г. 11:50
Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ
Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ. Бұл туралы РИА Новости басылымына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Алматы, NEGE. "Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Сау адамдарға маска тағудың қажеті жоқ. Аурудың белгілері бар адамдарға ғана басқаларды жұқтырмау үшін тағу қажет. Сондай-ақ, науқастарды қарап жүрген адамдар болуы мүмкін, олар өздері вирус жұқтырмауы үшін үйде маска тағып жүруі қажет", – деді Тарик Язаревич.
Ұйым өкілі масканың вирустан қорғанудың кепілі емес екенін айтады.
"Мұндағы проблема адамдар маска тағып, өздерін қауіпсіз сезінеді. Бұл – жалған. Маска тағып, қауіпсіздік сақтап жүрмін деп ойлап, қол жуу сияқты шараларды ұмытып кетеді", – дейді Язаревич.